2015 жылғы 12 наурыз, Астана қаласы
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелеріне мүлікті тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормаларын бекiту туралы
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 73, 77 және 78-баптарына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелеріне мүлікті тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Экономика және қаржы департаментi Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында жариялауды.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері таныстырылсын.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға Н.ӘБІҚАЕВ.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі
____________________Б.СҰЛТАНОВ
2015 жылғы « » ______________
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 4 мамырдағы № 11 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелеріне мүлікті тасымалдау және Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындарын өтеу нормалары
1. Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасының аумағында көлікпен жол жүру шығындары жол жүру құжаттарының негізінде өтеледі:
1) темір жолмен жол жүру кезінде - купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысы мен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар 2 орындық купе (бұдан әрі – ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың «Турист» және «Бизнес» класты вагондарын қоспағанда) тарифi бойынша;
2) су жолдарымен су көлігімен, тас және топырақ жолдармен автомобиль көлігімен жол жүру кезінде – сол жергiлiктi жердегi қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша;
3) ерекше жағдайларда – жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар 2 орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың «Турист» және «Бизнес» класты вагондарының тарифтерi бойынша темiр жол көлiгiмен және әуе көлiгiмен - экономикалық сынып тарифi бойынша:
стационарлық емделуге – дәрігерлік-консультация сараптамасы төрағасының жазбаша растау хатымен;
қызметкердің ауысуы жедел болған жағдайда – мекеме басшысының жазбаша рұқсатымен;
4) егер елдi мекеннен тыс жерде орналасса, темiр жол станциясына, айлаққа, әуежайға автокөлiкпен (таксиден басқа) жол жүру бойынша;
5) жол жүру билеттерiн броньдау құнын, сондай-ақ төсек керек-жарақтарын пайдалану құнын растайтын.
2. Жол жүру құжаттары болмаған кезде шығыстар осы нормалардың 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген көлiкпен (әуе көлiгiн қоспағанда) жол жүрудiң ең төменгi құны бойынша жолаушының өтініші бойынша тасымалдаушы беретін құжат негізінде өтеледi.
Жеке мүлікті тасымалдауға жұмсалған шығындарды өтеу нормалары
3. Қызметкер қызметі бойынша ауысқан кезінде арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан басқа, сондай-ақ қызметтен босатылған кезде, Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11) – 13)-тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, оған салмағы он тоннаға дейін жеке мүлігін бұрынғы қызмет (тұрғылықты жері) орнынан жаңа қызмет (тұрғылықты жері) орнына дейін тасымалдау шығындары өтеледі.
4. Жеке мүлікті тасымалдау темір жол, су немесе автомобиль көлігімен жүзеге асырылады. Бұл ретте келесі шығын түрлері өтеледі:
контейнер ұсыну;
құжаттарға виза қою, олардың нарықтауы мен рәсімдеу;
контейнерді тиеу мен түсіру жөніндегі кранның жұмысы;
контейнерді пломбылау;
контейнерді жұмыс (тұрғылықты жері) орнынан станцияға (портқа) дейін және станциядан (порттан) жұмыс (тұрғылықты жері) орнына дейін жеткізу;
контейнерлік алаңға кіру;
контейнерді тазалау;
экспедиторлық қызметтер;
есептесу операциялары;
контейнерге жапсырма жапсыру;
автомашина ұсыну.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10930 болып енгізілді.